CaspianEx Қызметтерін пайдалану кезінде платформа клиенттерден транзакциялар мен сауда операциялары жүгізгендері үшін комиссия алады. Төменде негізгі операциялар мен транзакциялар түрлері және комиссия мөлшерлемелері көрсетілген.
1. Сауда комиссиялары
Криптовалютаны сатып алу немесе сату бойынша әрбір орындалған ордер (жасалған мәміле) үшін платформа комиссия алады, оның мөлшерлемелері маркет-мейкер мен маркет-тейкер айырбастайтын криптовалюта көлемінің пайызымен есептеледі.
Мейкер (maker) – криптобиржада кейінге қалдырылған сатып алу немесе сату ордерін орналастырған сауда қатысушысы. Бұл ордер бірден орындалмайды, керісінше, кейіннен орындалғанға (немесе жойылғанға) дейін ордерлер тізімінде қалады.
Тейкер (taker) – мейкер жасаған бар ордерді орындай отырып, активтерді дереу сатып алатын немесе сататын қатысушы.
Спот саудасының комиссия мөлшерлемелері
Сауда қатысушысы | Комиссия |
Мейкер | 0.1% |
Тейкер | 0.1% |
2. Фиатты толықтыру және шығару үшін алынатын комиссиялар
Фиат әмияндарын толықтыру кезінде клиенттерден комиссия Қазақстан банктерінің Visa/Mastercard карталарын пайдаланып толықтыру кезінде алынады. Банктік аударым арқылы толықтыру кезінде криптобиржа комиссия алмайды.
Фиат қаражатты клиенттің банктік шотына шығару үшін де криптобиржа комиссия алмайды.
Назар аударыңыз! Банктің қызмет көрсету шарттарына байланысты банктік аударымды орындау үшін банк комиссия ұстауы мүмкін.
Фиат қаражатты толықтыру және шығару комиссия мөлшерлемелері
Транзакция түрі | Комиссия |
Банктік аударым арқылы фиатты толықтыру | 0% |
Қазақстан ішіндегі Visa/Mastercard арқылы фиатты толықтыру |
3.5% 0.7% – биржаның сервистік комиссиясы) |
Фиат қаражатты банктік шотына шығару | 0% |
3. Криптовалютаны толықтыру және шығару комиссиялары мен минималды шығару сомалары
3.1 Криптовалютаны толықтыру комиссия мөлшерлемесі
Криптоәмияндарды толықтыру кезінде криптобиржа комиссия алмайды.
Транзакция түрі | Комиссия |
Криптовалюта әмиянын толықтыру | 0% |
3.2 Криптовалютаны шығару комиссиялары және минималды шығару сомалары
Криптовалютаны шығару комиссиясы шығарылатын криптовалюта көлемінің 0.1%-ын құрайды. Алайда, әрбір криптовалюта және блокчейн желісі үшін минималды комиссия мөлшері белгіленген. Төмендегі кестеде әр криптовалютаға қараған желі үшін комиссиялар мен минималды шығару сомалары көрсетілген:
Криптовалюта | Желісі | Комиссия (мөлшерлеме және минималды комиссия) |
Минималды шығару сомасы |
USDT | BSC | 0.1% (мин. 1 USDT) | 10 USDT |
USDT | ETH | 0.1% (мин. 6 USDT) | 50 USDT |
USDT | TRC | 0.1% (мин. 6 USDT) | 50 USDT |
ETH | ETH | 0.1% (мин. 0.0014 ETH) | 0.0029 ETH |
BTC | BTC | 0.1% (мин. 0.00005 BTC) | 0.00019 BTC |
BNB | BSC | 0.1% (мин. 0.00015 BNB) | 0.001 BNB |